Синхронды аудармашының феномені
Аудармашы мамандық емес, ол талант. Психологтардың ойынша синхрондық аудармашы дегеніміз - бұл нормадан ауытқу, немесе психофизиологиялық ауытқу. Мен студенттеріме бұл ұлт, адамдардың мүлдем айрықша расасы деп айтамын. Бірақ ілеспе аударма үшін білім аз, оған талант қажет. Синхронистің басында болып жатқан бірнеше процестерге шоғырлану өте қиын, бірақ синхронды аудармашылар оны жасай алады. Олар сөйлейді, тыңдайды және есте сақтай тура сол текстті қәжетті тілге бірден аударады. Мұның бәрін жасай білу және ілеспе аудармамен кәсіби негізде өмір бойы табысты айналысу үшін талант қажет. Мұндай қасиеттер кейбіреулерінде ғана бар. 2020 жылдың 8 қазанында ҚАУ ХОК «Аударма ісі» мамандығының студенттері осындай адаммен кездесті. Бұл танымал синхронды аудармашы және диктор Олжас Ғалымжан. Бұл талантты маман көптеген халықаралық конференцияларда жоғары деңгейде аударма жасайды.  Осы кездесу қарқынды және қызықты өтті. Синхронды аудармашының қасиеттері, жұмыс уақыты, стреске қарсы тұру, заманауи технологиялар және тіпті кәсіби оқиғалар сияқты көптеген мәселелер талқыланды. Бұл кездесу атақты қонақ пен  студеттер арасындағы ынтымақтастықтың бастамасы ғана деп үміттенеміз. Мамандыққа жауапты Акбалаева Ж.К.