Ақпараттық технологиялар департаменті
Ақпараттық технологиялар департаменті
Ақпараттық технологиялар департаменті ҚАУ құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бүгінгі таңда АТД ҚАУ талапкерлеріне, білім алушыларға, ПОҚ білім беру қызметтерін заманауи ақпараттық-білім беру технологиялары арқылы ұсынатын және ҚАУ оқу процесін оңтайландыруда, білімді бақылаудың тестілік-рейтингтік жүйесін енгізуде оқу-әдістемелік және ақпараттық-технологиялық көмек көрсететін ҚАУ-нің оқу-көмекші және мәдени-ағарту буыны болып табылады. АТД көптеген тапсырмаларды орындайды.Оларға компьютерлерді құрастыру және баптау, оқу және әкімшілік мақсаттар үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді баптау және құру, ҚАУ интернет-сайтын әзірлеу және қолдау, серверлік және желілік жабдықтарды әкімшілендіру және техникалық қолдау, компьютерлер мен кеңселік ұйымдастыру техникасына қызмет көрсету, оқыту семинарларын өткізу кіреді.ҚАУ қызметін компьютерлендіру бірыңғай ақпараттық-телекоммуникациялық желі негізінде жүзеге асырылады: интернетке шығатын (Intеrnet), университеттің барлық бөлімшелерін, профессорлық - оқытушылық құрамды, барлық оқыту нысандарының студенттерін қамтитын жергілікті желі (Intrаnet) құрылды, сондай-ақ ҚАУ аумағы сымсыз интернетпен қамтылған.Бұл міндеттерді шешуді компьютерлік техниканың қуатты паркі, мультимедиялық жабдықтар қамтамасыз етеді. Оқу, қаржылық процестерді автоматтандыру жүйесі енгізілді.Оқу орнының студенттері сапалы білім алуға мүмкіндік беретін қажетті техникалық базамен және ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етілген. Бұл міндеттерді шешуді компьютерлік және басқа да техниканың қуатты паркі қамтамасыз етеді. ҚАУ-дің барлық компьютерлері жергілікті желіге біріктірілген және Интернетке қол жетімді.
АТД қызметінің негізгі бағыттары:
  • қашықтықтан оқытудың жаңа инновациялық әдістерін енгізу;
  • ғылыми - педагогикалық кадрлардың зияткерлік әлеуетін пайдалана отырып, қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ету;
  • профессорлық-оқытушылық құраммен бірлесіп электрондық оқулықтар әзірлеу;
  • оқу үдерісін, сондай-ақ ҚАУ бөлімшелерін алдыңғы қатарлы компьютерлік жабдықтармен, заманауи бағдарламалық өнімдермен және телекоммуникация құралдарымен, сондай-ақ бейне және аудио жабдықтарымен жабдықтау;
  • заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, студенттердің білімін бақылау;
  • оқу үдерісінде қолданылатын техникалық құралдарды, аудио және бейнеаппаратуларды жаңарту, диагностикалау және жөндеу;
  • университеттің ұйымдастырушылық - бұқаралық іс-шараларына уақтылы және сапалы қызмет көрсету.