Қабылдау Комиссиясының телефоны: 220-81-17; 226-80-00; 233-38-00, ext:2012,2014
ҚАУ-ға Қалай Түсуге Болады
Бакалавриат мамандықтарына қабылдау тәртібі
1.ҚАУ - ға негізгі орта, орта (жалпы орта, техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар тұлғалар қабылданады.
2. ҚАУ келесі мамандықтар бойынша бакалаврларды дайындайды:
  • 5В050600 - Экономика
  • 5В050800 - Есепжәне аудит
  • 5В050900 - Қаржы
  • 5В030100 - Құқықтану
  • 5В020200 -Халықаралық қатынастар
  • 5В020700 -Аударма ісі
  • 5В050400 - Журналистика
  • 5В090200 - Туризм
  • 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
3. ҚАУ-ға қабылдау мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру, мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын (білім беру гранттарын) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқуға ақы төлеу арқылы жүзеге асырылады.
4. ҚАУ-ға азаматтарды қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі — ҰТО) әзірлеген технологиялар бойынша өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі —ҰБТ) немесе кешенді тестілеу (бұдан әрі —КТ) нәтижелері бойынша берілген сертификат балдарына сәйкес конкурстық негізде талапкерлердің өтініштері бойынша жүзеге асырылады. Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға талапкерлерді қабылдау шығармашылық емтихандар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
5. ҰБТ ағымдағы жылдың жалпы орта білім беру ұйымдарының түлектеріне, сондай-ақ республикалық музыкалық мектеп-интернат түлектеріне өткізіледі.
КТ жалпы орта білім беру ұйымдарының өткен жылдардағы түлектері, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білім беру ұйымдарының түлектері, шетелде оқушылардың халықаралық алмасу желісі бойынша білім алған жалпы білім беретін мектептердің түлектері, ҰБТ-ға қатыспаған жалпы білім беретін мектептердің түлектері, қазақ және орыс тілдерінде оқытпайтын жалпы білім беретін мектептердің түлектері, республикалық музыка мектеп-интернаттарының түлектері, сондай-ақ шетелде оқу орындарын бітірген тұлғаларға өткізіледі.
5.1. Осы Үлгілік қағидалардың 31-тармағында белгіленген шекті балды алмаған ҰБТ қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және ҰБТ-ға қатыспаған тұлғалар үшін жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ қайта өткізіледі.
5.2. Осы Үлгілік қағидалардың 31-тармағында белгіленген шекті балды алмаған КТ қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және КТ-ға қатыспаған тұлғалар үшін КТ жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін қайта өткізіледі.
5.3. ҚАУ осы Үлгілік қағидалардың 5-1 және 5-2-тармақтарында көзделген ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидалардың 31-тармағында белгіленген шекті балды жинай алмаған тұлғаларды ақылы негізде қабылдай алады.
Аталған тұлғалар үшін ҰБТ немесе КТ оқудың бірінші академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін өткізіледі. Осы Үлгілік қағидалардың 31-тармағында белгіленген шекті балды жинамаған тұлғалар аталған ҰБТ немесе КТ қорытындылары бойынша университеттен шығарылуға жатады.
6. ҰБТ және КТ өткізу қағидаларын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
ҰБТ немесе КТ бейіндік пәндері көрсетілген мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
КТ жалпы бейіндік және бейіндік пәндері көрсетілген мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар (колледж) тұлғаларды қысқартылған мерзім бойынша ұқсас мамандықтарға оқуға қабылдау КТ нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Ұқсас мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
8. Жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар азаматтарды қысқартылған мерзімде ақылы негізде оқуға қабылдауды ҚАУ Қабылдау комиссиясы түсу емтиханын тапсырғаннан кейін әңгімелесу нысанында жүзеге асырады.
9. Шетел азаматтарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бөлінген квота бойынша қабылдауды ҚАУ дербес жүзеге асырады.
Шетел азаматтарын ақылы негізде ҚАУ-ға оқуға қабылдау әңгімелесу түрінде жүзеге асырылады.
10.Шет тілде ұсынылатын құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы болуы керек.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар тұлғаларды қабылдағаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен бірінші оқу семестрі ішінде өтеді және "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес қабылданады (31.08.12 ж. №1119 ҚРҮ).
11.Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша оқуға қабылдау шығармашылық емтихандардың нәтижелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
12. Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілер өздері таңдаған жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін шығармашылық емтихандарды тапсырады.Шығармашылық мамандықтарға түсетін жалпы орта білім беру ұйымдарының түлектері немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар ескеріледі.Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтар бойынша шығармашылық мамандықтарға түсетін адамдар үшін бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.
12.1. Шығармашылық емтихандар талапкерлердің шығармашылық қабілеттерінің болуын және шығармашылық бағыттағы кәсіпті меңгерудің жеке алғышарттарын анықтауға бағытталған.
12.2. Шығармашылық емтихандарды тапсыру үшін талапкерлердің өтініштерін қабылдау ҚАУ орналасқан жерде – Қабылдау комиссиясы (1 қабат, 110 кабинет) 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүзеге асырылады.Шығармашылық емтихан 8-13 шілде аралығында өткізіледі.
12.3. Шығармашылық дайындықты талап ететін, орта (жалпы орта) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар мамандықтарға түсуші тұлғалар екі шығармашылық емтихан тапсырады.
Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтар бойынша шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші тұлғалар бір шығармашылық емтихан тапсырады.
Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсетін тұлғалар үшін жалпы бейіндік және бейіндік пәндер бойынша балдар ескеріледі.
12.4. Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар 40 балдық жүйе бойынша бағаланады.
Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін шығармашылық емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.
12.5. Шығармашылық емтихан бойынша 5 баллдан төмен (жалпы орта  немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар тұлғалар) немесе 5 баллдан төмен (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші тұлғалар) немесе оған келмеген тұлғалар осы мамандық бойынша білім беру тапсырысын (білім беру грантын) беру конкурсына түсу және қатысу үшін КТ-ға жіберілмейді.
12.6. Шығармашылық емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге шығармашылық емтиханды тапсыру орнына қарамастан, жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін тізімдемеден үзінді беріледі.
13. КТ тізбесі білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілетін тестілеу өткізу пункттерінің базасында (базалық жоғары оқу орындары) өткізіледі.
14. КТ-ға қатысу үшін талапкер ҚАУ қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі өтініш, жалпы орта білім беру ұйымын бітіргені туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білім беруді бітіргені туралы диплом (түпнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек, 3x4 көлеміндегі екі фотосурет, 086-У нысаны бойынша Медициналық анықтама, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін өткізеді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күнтізбелік жылының түлектері білім туралы құжаттың орнына ағымдағы жылы оқыған білім беру ұйымы беретін оқу мамандығының коды мен атауын көрсете отырып, оқуды аяқтағаны туралы анықтама ұсынады.
15. КТ–ға қатысу үшін өтініштерді қабылдауды ҚАУ қабылдау комиссиялары Қағидалардың 5-1 және 5-2 – тармақтарында көзделген 01 маусым мен 20 маусым аралығында, ҰБТ немесе КТ-да 25 шілде мен 03 тамыз аралығында, ҰБТ немесе КТ-да қағидалардың 5-3-тармағында көзделген 10-20 желтоқсан аралығында жүргізеді.
16. Қағидалардың 5-тармағында көзделген КТ 14-18 шілде аралығында өткізіледі. Қағидалардың 5-1 және 5-2-тармақтарында көзделген ҰБТ немесе КТ 15-19 тамыз аралығында өткізіледі. Қағидалардың 5-3-тармағында көзделген ҰБТ немесе КТ 20-24 қаңтар аралығында өткізіледі.
17. Оқуға түсушілер ҰБТ немесе КТ-ны қалауы бойынша қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде тапсыра алады.
Бұл ретте ҰБТ немесе КТ-ны ағылшын тілінде тапсыратын оқуға түсушілер үшін Қазақстан тарихы бойынша тестілеу қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі. ҰБТ немесе КТ-ны ағылшын тілінде тапсыратын түсушілер үшін ЖОО-дағы оқу тілі Қазақстан тарихы бойынша тестілеу тапсыру тіліне сәйкес анықталады.
18.ҰБТ, КТ нәтижелерін мемлекеттік комиссия оны өткізу күні жариялайды және ақпараттық стендте ілінеді, сондай-ақ тестілеу нәтижесімен www.testcenter.kz  сайтында танысуға болады.
19. КТ нәтижелері бойынша әрбір қатысушыға белгіленген үлгідегі сертификат беріледі, оны мемлекеттік комиссия тестілеуден кейін күнтізбелік үш күн ішінде береді.
20. Тестілеу нәтижелерімен келіспеген талапкер апелляцияға өтініш бере алады. Апелляцияға өтініш мемлекеттік комиссияның төрағасы бекітетін апелляциялық комиссияға тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13-ке дейін беріледі және апелляциялық комиссияда қаралады.
21. Білім беру гранттарын беру талапкерлер білім беру грантын беру туралы куәлік бере отырып мәлімдеген мамандықтар кезектілігіне сәйкес нақты мамандықтар, тіл бөлімдері және оқыту нысандары бойынша белгіленген мемлекеттік тапсырыс шегінде конкурстық негізде жүзеге асырылады. Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініштер 18-26 шілде аралығында, жергілікті бюджет есебінен 05-10 тамыз аралығында қабылданады. Тағайындауды білім беру саласындағы уәкілетті органның конкурстық комиссиясы жүзеге асырады.
22. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін азамат жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш, білімі туралы құжат (түпнұсқа), ҰБТ немесе КТ сертификатын, 3x4 көлеміндегі екі фотосуретті, 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін береді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар қосымша мынадай құжаттардың бірін береді:
  1. еңбек кітапшасы;
  2. жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен (бар болған жағдайда) расталған қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
  3. қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерден тұратын мұрағаттық анықтама.
23. Талапкер білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтінішінде өзі таңдаған мамандықты және осы мамандық бойынша мемлекеттік білім беру гранттары орналастырылатын ЖОО-ны көрсетеді. Таңдау пәні сәйкес келген жағдайда талапкер төрт мамандықты көрсете алады.
24. Шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлер білім беру грантын алу конкурсына бір мамандық бойынша қатысады және олар шығармашылық емтихан тапсырған жоғары оқу орнын ғана көрсетеді.
25. Мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқуға түсетін Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен кемінде үш жыл жұмысты өтеу туралы шарт жасасады.
26. Шығармашылық емтихан тапсыруды талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, конкурсқа қатысу үшін тестілеу нәтижелері бойынша кемінде 50 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы-оқу тілі бойынша кемінде 5 балл және әрбір бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.
Шығармашылық емтихан тапсыруды талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілерге конкурсқа қатысу үшін тестілеу нәтижелері бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.
Шығармашылық емтихан тапсыруды талап ететін мамандықтар бойынша конкурсқа қатысу үшін тестілеу және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша кемінде 50 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы-оқыту тілі бойынша кемінде 5 балл және әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін – кемінде 25 балл, оның ішінде шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл) жинау қажет.
27. ҰБТ немесе КТ сертификатының балдарына сәйкес білім беру гранттарын алуға конкурс өткізу кезінде басым құқыққа ие:
- "Алтын белгі" белгісімен марапатталған оқушылар;
- жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың (I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары, сондай-ақ өздері таңдаған мамандық олимпиадаларының, ғылыми жарыстың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталған), олар жеңімпаз болып табылады.Халықаралық және республикалық олимпиадалардың, ғылыми жарыстардың, орындаушылар конкурстарының және спорттық жарыстардың пәндеріне сәйкес келетін мамандықтардың тізімін Министрлік бекітеді.
Мемлекеттік білім беру гранттарын алған талапкерлерге білім беру саласындағы уәкілетті орган белгіленген үлгідегі куәлік жазып береді.
Тиісті куәліктер иегерлерінің тізімдері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Білім беру грантын тағайындау туралы куәліктер ҚАУ қабылдау комиссиясына тапсырылған құжаттармен бірге азаматтарға 15 тамыздан кешіктірілмей беріледі.
 
28. Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясының шешімі негізінде тиісті бұйрық шығарылады және жергілікті бюджет есебінен білім беру грантын беру туралы куәлік ресімделеді.
Жергілікті бюджет есебінен білім беру гранты иегерлерінің тізімі аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
"Жергілікті бюджет есебінен білім беру грантын беру туралы куәлікті азаматтар конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттармен бірге қабылдау комиссиялары 25 тамыздан кешіктірмей береді.
 
29. Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік алған талапкерлер куәлікте көрсетілген ЖОО-ға қабылдау туралы өтініш береді және ректордың бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.
 
30. ҚАУ-ға студенттерді қабылдауды қабылдау комиссиясы тамыздың 10-нан 25-не дейін жүргізеді.
ҚАУ қабылдау комиссиясына оқуға түсушілер қабылдау туралы өтінішіне жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі немесе жоғары (жоғары кәсіптік) білімі туралы құжатты (төлнұсқа), 3x4 көлеміндегі 6 фотосуретті, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе КТ сертификатын, сондай-ақ білім беру грантын беру туралы куәлікті (болған кезде) қоса береді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар қосымша мынадай құжаттардың бірін береді:
  1. еңбек кітапшасы;
  2. жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
  3. қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерден тұратын мұрағаттық анықтама;
  4. Осы Үлгілік қағидалардың 9-3-тармағына сәйкес жоғары оқу орнына қабылдау үшін ҚАУ қабылдау комиссиясына адамдар өтінішіне жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды (түпнұсқа), 3 x 4 көлеміндегі 6 фотосуретті, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе КТ сертификатын қоса береді.
31. Шығармашылық емтихан тапсыруды талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, жалпы орта білімнің немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының ҰБТ немесе КТ-дан өткен, тестілеу нәтижелері бойынша Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқыту тілі бойынша кемінде 5 балл және әрбір бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл жинаған түлектері ақылы оқуға қабылданады.
Шығармашылық емтихан тапсыруды талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, КТ-дан өткен, тестілеу нәтижелері бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл жинаған, жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері ақылы оқуға қабылданады.
Шығармашылық емтихандар тапсыруды талап ететін мамандықтар бойынша ақылы оқуға жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілері немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының ҰБТ немесе КТ-дан өткен, тестілеу және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша кемінде 50 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы бойынша кемінде 5 балл жинаған түлектері қабылданады - кемінде 5 балл (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін - кемінде 25 балл, оның ішінде шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл) құрайды.
32. ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша сертификаттарда жоғары балл жинаған талапкерлер үшін, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан талапкерлер үшін "Scholarships"білім беру гранттарына конкурс өткізіледі. Бірінші емтихан сессиясының нәтижелері бойынша тек "өте жақсы" бағалары бар "Scholarships" грантының иегерлері "Scholarships"арнайы стипендиясын тағайындау тәртібі туралы Ережеге сәйкес грант бойынша оқуын жалғастырады. Олай болмаған жағдайда білім алушылар өз оқулары үшін толық көлемде, яғни бірінші курстың бірінші семестрінен бастап төлейді.
Магистратураға қабылдау тәртібі:
 
1.Қазақ-Америка университетінің (бұдан әрі ҚАУ) магистратурасына келесі мамандықтар бойынша жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгерген тұлғалар қабылданады:
  • 6М050600 – Экономика;
  • 6М050700 – Менеджмент;
  • 6М050700 – Менеджмент (МВА).
2. Университет магистранттарының контингентін қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқу ақысын төлеу арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекет әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығының берілуін, егер олар осы деңгейдегі білімді алғаш рет алатын болса, қамтамасыз етеді.
 
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, егер олар осы деңгейдегі білімді алғаш рет алатын болса, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін ала алады.
 
Шетелдіктерді магистратурада оқыту ақылы негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
 
3.Магистратураға тұлғаларды қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
4. Даярлау мамандықтарын көрсете отырып, магистратураға қабылдау құжаттарды қабылдау басталатын күнге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланады.
5. Магистратураға түсушілердің өтініштерін қабылдау 3-31 шілде аралығында жүргізіледі. Магистратураға шет тілдері бойынша түсу емтихандары 10-15 тамыз аралығында, мамандық бойынша 16-20 тамыз аралығында, қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқуға арналған кешенді тестілеу 10-15 тамыз аралығында өткізіледі.
6.Магистратураға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген тұлғалар қабылданады.
7. Шетелдік білім беру ұйымдарында білім туралы құжаттарды алған адамдар Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдарында магистратураға түсу үшін алған білім деңгейіне және даярлық бейініне сәйкес білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау рәсімінен өтуі қажет.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттарға (келісімдерге) сәйкес танылады.
8. Магистратураға түсуші тұлғалар университеттің қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:
  1. ұйым басшысының атына өтініш;
  2. жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
  3. осы Қағидалардың 59-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (болған жағдайда);
  4. кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  5. 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
  6. 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
  7. жеке куәліктің көшірмесі;
  8. ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (болған жағдайда).
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.
9.Магистратураға түсуші тұлғалар түсу емтихандарын тапсырады:
  • сіз таңдаған шет тілдерінің бірінде (ағылшын, француз, неміс; араб тілін білуді талап ететін мамандықтарға үміткерлер үшін араб тілінде);
  • мамандығы бойынша.
Ғылыми-педагогикалық магистратураға, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші тұлғалар, сондай-ақ таңдау үшін қазақ немесе орыс тілдерінде (таңдау бойынша) оқуға дайындығын анықтауға арналған тесттен және мамандық бойынша ағылшын тіліндегі тесттен тұратын кешенді тестілеуді тапсыра алады.
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсуші тұлғалар қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындығын анықтауға арналған тесттен (таңдау бойынша) және мамандық бойынша ағылшын тіліндегі тесттен тұратын кешенді тестілеу тапсырады.
Шет тілі бойынша магистратураға түсу емтиханын және ғылыми-педагогикалық магистратурада, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқу үшін кешенді тестілеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы өткізеді.
Шет тілі бойынша түсу емтиханының, ғылыми-педагогикалық магистратурада, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін кешенді тестілеудің және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураның нәтижелері бойынша сертификат беріледі. Бұл ретте университеттің қабылдау комиссиясы ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын тексереді.
Мамандық бойынша түсу емтиханын жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларына қабылдауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындары дербес өткізеді. Бұл ретте оқуға түсушілер мамандық бойынша түсу емтиханын тек оқуға түсетін ЖОО-да тапсырады.
 
10.Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар тұлғалар мынадай емтихандар бойынша магистратураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады:
ағылшын тілі: TestofEnglishas a
ForeignLanguageInstitutionalTestingProgramm (TOEFL ITP – кем дегенде 460 балл), TestofEnglishas a
ForeignLanguageInstitutionalTestingProgrammInternet-basedTest (TOEFL IBT, пороговый балл – кем дегенде 87), (TOEFL шекті балл – кем дегенде 560 балл), InternationalEnglishLanguageTestsSystem (IELTS, шекті балл – кем дегенде6.0);
 
неміс тілі: DeutscheSprachprufungfurdenHochschulzugang (DSH, Niveau С1/ C1 деңгей), TestDaF-Prufung (Niveau C1/ C1 деңгей);
 
француз тілі: TestdeFranзaisInternational™ (TFI –оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес), Diplomed’EtudesenLanguefranзaise (DELF, B2 деңгей), DiplomeApprofondideLanguefranзaise (DALF, C1 деңгей), Testdeconnaissancedufranзais (TCF – кем дегенде 400 балл).
 
11.Магистратураға тұлғаларды қабылдау ғылыми-педагогикалық магистратураға, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық магистратураға немесе ағылшын тілінде оқытатын бейінді магистратураға түсу емтихандарының немесе кешенді тестілеудің қорытындылары бойынша мынадай баллдарды жинаған жүзеге асырылады:
  • шет тілі бойынша ғылыми-педагогикалық магистратураға-кемінде 50 балл және мамандығы бойынша - кемінде 50 балл, ал шет тілі бойынша бейіндік магистратураға - кемінде 30 балл және мамандық бойынша - кемінде 50 балл.
  • ғылыми-педагогикалық магистратурада, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін және бейінді магистратурада ағылшын тілінде оқу үшін - кемінде 19 балл, оның ішінде оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша - кемінде 5 балл, мамандық бойынша тест бойынша: бір дұрыс жауапты таңдаумен - кемінде 6 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаумен - кемінде 8 балл.
12. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға шет тілі және мамандығы бойынша түсу емтихандарының жиынтығы бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады:
ғылыми-педагогикалық магистратура үшін-кемінде 150 балл;
бейінді магистратура үшін-кемінде 130 балл.
Ағылшын тілінде оқытатын бейінді магистратураға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу емтиханының қорытындысы бойынша кемінде 25 балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады.
Осы Үлгілік қағидалардың 10-тармағында көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттары бар адамдарға 100-балдық бағалау жүйесі бойынша ең жоғары балл есептеледі.
 
13. Ғылыми-педагогикалық магистратурада, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін оқуға түсушілер 17 тамызға дейін ЖОО-ға өтініш, білімі туралы құжат (түпнұсқа), кешенді тестілеу сертификаты, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін береді. Өтініште түсуші білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбедегі мамандық пен ЖОО-ны көрсетеді.
 
14. Ғылыми-педагогикалық магистратурада, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқуға арналған конкурсты білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын республикалық конкурстық комиссия мамандықтар бөлінісінде 22 тамызға дейін өткізеді.
 
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бос орындар конкурстық комиссияның шешімі бойынша еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары өту балдары бар басқа мамандықтарға беріледі.
 
Республикалық конкурстық комиссияның шешімі негізінде білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығы шығарылады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түскен магистранттармен оқуды аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл жұмысты өтеу туралы шарт жасалады.
 
15. Мемлекеттік білім беру тапсырысына конкурс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
  • мамандық бойынша түсу емтиханының балдарымен;
  • сертификатқа сәйкес шет тілі бойынша түсу емтиханының балдарымен немесе осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат балдарымен (олар болған жағдайда) өткізіледі.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысын беру кезінде әкімдік, магистрант және университет арасында үшжақты шарт жасалады.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түскен азаматтар университетті бітіргеннен кейін кемінде үш жыл жергілікті атқарушы органның жолдамасы бойынша өңірде жұмыспен өтеуге міндетті.
100 балдық бағалау жүйесін 5 балдық бағалау жүйесіне ауыстыру шкаласы
 
100 балдық бағалау жүйесі бойынша балдар
5 балдық бағалау жүйесі бойынша балдар
95 - 100
Өте жақсы (5)
90-94
Өте жақсы (5)
85-89
Жақсы (4)
80-84
Жақсы (4)
75-79
Жақсы (4)
70-74
Қанағаттанарлық (3)
65-69
Қанағаттанарлық (3)
60-64
Қанағаттанарлық (3)
55-59
Қанағаттанарлық (3)
50-54
Қанағаттанарлық (3)
30-49
Қанағаттанарлықсыз (2)
0-29
Қанағаттанарлықсыз (2)
 
* бейіндік магистратурада шет тілі бойынша "қанағаттанарлықсыз" бағасына 0-ден 29-ға дейінгі балдар сәйкес келеді.
100 балдық бағалау жүйесінің шкаласы
Тест түрлері
Тапсырмалар нысандары
Тапсырмалар саны
Тапсыру тілі
Балдар
Шекті балл
Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест
бір дұрыс жауапты таңдау
30
Қазақ немесе орыс тілі(таңдау бойынша)
30
5
Мамандық бойынша тест
бір дұрыс жауапты таңдау
30
Ағылшын тілі
30
6
Мамандық бойынша тест
бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау
20
Ағылшын тілі
40
8
Жалпы
-
80
-
100
19
Байланыс желілері:
Қазақ-Америка Университеті (КАУ): тел. +7-(727)-220-81-17 +7-(727)-226-80-00,  +7-(727)-233-38-00, вн: 2012,2014.
 
ҚАУ қарауындағы Алматы байланыс колледжі: тел. +7-(727)-220-80-13 вн:2013
 
ҚАУ қарауындағы мектеп: тел. +7-(727)-220-81-28 вн:2052
 
Күндер мен мерзімдер
Даты и сроки
ҚАУ Кампусының (магистратура, бакалавриат, колледж)2020-21 оқу жылына арналған академиялық күнтізбесі
Тіркеу және әңгімелесу(Enrollment)
апта сайын жұма күндері
Білім алушыларды бакалавриатқа қабылдау(к/о, с/о)
10 – 28 тамыз
Білім алушыларды магистратураға қабылдау
20 – 25 тамыз
 Білім алушыларды колледжге қабылдау (к/о)
Білім алушыларды Колледжге қабылдау (с/о)
25 – 30 тамыз
15 – 30 қыркүйек
Конституция күні
30 тамыз
Күзгі семестр(FallSemester)
Білім күні
1 қыркүйек
Күзгі семестрдің басталуы
Магистранттар практикасы (№1 қосымшаға сәйкес)
МҒЗЖ (диссертацияны орындауды қоса алғанда) (1, 2 курс)
ЭАРМ (диссертацияны орындауды қоса алғанда) (1, 2 курс)
Білімнің кіріс бөлімі
ҚАУ-дың туған күні
Орнату сессиясы с/о (бакалавриат, колледж) (1 жыл оқу)
ҚАУ қарауындағы АБК туған күні
Рейтинг – 1(сабақтан кейін)
Магистратураның қорытынды курсы мамандығы бойынша ЖАҚ (оқу мерзімі 1,5 жыл)
Колледж бітіруші курсының емтихан сессиясы (к/о, 4 курс)
Практика выпускных курсов колледжа (о/о, 4 курс)
3 қыркүйек
3 қыркүйек - 14 желтоқсан
3 қыркүйек –14 желтоқсан
3 қыркүйек – 14 желтоқсан
3 қыркүйек– 7 желтоқсан
12 қыркүйек
1-5 қазан
6 қазан
22-26 қазан (сабақтан кейін)
27 – 8 желтоқсан
 
29 қазан –9 қараша
12 қараша – 28 желтоқсан
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні
1 желтоқсан*
Рейтинг – 2 (сабақтан кейін)
10 – 14 желтоқсан (сабақтан кейін)
Күзгі семестрдің теориялық курсының аяқталуы
14 желтоқсан
ҚР Тәуелсіздік күні
Күндізгі бөлім бойынша қысқы емтихан сессиясы (магистратура, ҚБТ, колледж)
Жаңа Жыл
16, 17 желтоқсан
18 –28 желтоқсан
1-2қаңтар
Сырттай бөлім бойынша оқу-емтихан сессиясы (бакалавриат, колледж)
Рождество мерекесі
3қаңтар – 2 ақпан
7қаңтар
 
теор