Саясат және Рәсімдер
Саясат және рәсімдер
"Қазақ-Америка университеті" ЖШС өз қызметінде қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде "Білім туралы" ҚР Заңын, қабылдаудың үлгілік қағидаларын, білім беру саласындағы қызметті тікелей реттейтін ағымдағы бақылауды жүргізудің үлгілік қағидаларын және т.б. басшылыққа алады.
"ҚАУ" ЖШС қызметін реттейтін ішкі құжаттар:
  1. Нұсқаулық университеттің академиялық өмірінің ерекшеліктерімен таныстыруға арналған, оқу процесін ұйымдастыру тәртібін, білімді рейтингтік, аралық және қорытынды бақылауды, курстан курсқа көшу шарттарын, сондай-ақ білім алушылардың құқықтары мен міндеттерін сипаттайды.
  2. Ішкі тәртіп ережелері білім алушылар мен қызметкерлердің негізгі құқықтары мен міндеттерін, оқу уақытының тәртібін, көтермелеу және жазалау түрлерін және т. б. бекітеді.
  3. Студенттерді қабылдау, аттестаттау және шығару регламентінде халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес оқытудың кредиттік технологиясы бойынша студенттердің білімін бағалау сапасын бақылау жүйесін қолдана отырып, оқытудың барлық нысандары мен кәсіптік білім беру деңгейлері бойынша емтихан сессияларын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтар мен ұсынымдар келтірілген.
  4. Оқу процесі мен практиканың регламенті тыңдаушылардың, студенттердің, магистранттар мен докторанттардың оқу процесі, оқыту мәселелері және практиканың барлық түрлерін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығы болып табылады.
  5. Құжаттаманы жүргізу регламенті құжаттау тәртібін айқындайды және ресми құжаттарды жасауға қойылатын жалпы талаптарды және олармен жұмысты ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
  6. Қаржы-шаруашылық қызметінің регламенті қаржылық және шаруашылық ішіндегі өзара қатынастарды реттейтін негізгі құжат болып табылады.
  7. Ғылыми және әдістемелік жұмыс регламентінде ғылыми-зерттеу жұмысының ұйымдастыру-әдістемелік мәселелері, ғылыми-практикалық, ғылыми-әдістемелік конференциялар, семинар-кеңестер өткізу тәртібі айқындалған, оқу және ғылыми әдебиетті жоспарлау және басып шығару, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиетті сатып алуға және оны қайта басып шығаруға құжаттарды ресімдеу тәртібі, басып шығаруға ұсынылатын материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар баяндалған.
  8. Еңбек және қауіпсіздік регламенті еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық түрінде ұсынылған және барлық бөлімшелердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі шараларды сақтау жөніндегі нұсқаманың барлық түрлерінен өту тәртібін белгілейді.
  9. Аудиториядан тыс жұмыс регламентінде ЖОО құрылымдарының тәрбие жұмысына және студент жастарды әлеуметтік қорғауға байланысты жұмысын ұйымдастыру қағидалары; оқу корпусындағы, Студенттер үйіндегі, қоғамдық орындардағы және ЖОО-дан тыс жерлердегі студенттердің этикалық нормалары мен мінез-құлық қағидалары; жастардың бос уақытын ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды өткізу қағидалары; студенттік бақылауды және құқықтық тәртіпті қорғауды ұйымдастыру қағидалары; каникул кезеңінде студенттердің жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру қағидалары көзделген.