Қамқоршылар Кеңесі
ҚАУ Қамқоршылар КеңесіҚазақ-Америка университетінің Қазақстандағы ең үздік халықаралық университеттердің бірі мәртебесіне қол жеткізуге жәрдемдесетін тиімді орган.
Қоғаммен белсенді ынтымақтастық, қаржылық қолдау көрсету, ҚАУ-дың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында ҚАУ әкімшілігінде Қамқоршылар кеңесі құрылды. ҚАУ Қамқоршылар кеңесін құру және оның жұмыс істеуі 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" ҚР Заңы және 007 жылғы 22 қазандағы Білім және ғылым министрінің Қамқоршылық кеңес қызметінің үлгілік қағидаларын және оны сайлау тәртібін бекіту туралы бұйрығы шеңберінде жүзеге асырылды.
Қамқоршылар кеңесі жеке және заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі болып табылады және ҚАУ-дың білім беру және шаруашылық қызметін қолдау мен ілгерілету жөніндегі алқалы кеңесші орган болып табылады. Қамқоршылар Кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, ҚАУ Жарғысын, ҚАУ Қамқоршылар Кеңесі туралы ережені, билік органдарының басқа да нормативтік құқықтық құжаттарын басшылыққа алады. Қамқоршылар Кеңесі жергілікті билік органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, мекемелермен, ұйымдармен, бейінді кәсіпорындармен неғұрлым тиімді өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдеседі.
Қамқоршылар кеңесінің негізгі мақсаты:
ҚАУ қызметкерлері мен студенттерінің зияткерлік әлеуетін Қазақстан Республикасының мүддесі үшін тиімді пайдалану, ҚАУ одан әрі дамуына оған қажетті материалдық және ұйымдастырушылық көмек көрсету арқылы жәрдемдесу.
Осы мақсатқа жету үшін келесі негізгі міндеттер қойылады:
  • ҚАУ-да білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; ҚАУ Даму стратегиясы мен тактикасын айқындау;
  • ҚАУ-дың әлемдік білім беру жүйесіне кіруіне жәрдемдесу; іргелі ғылымды және жаңа технологияларды әзірлеудегі басым бағыттарды бірінші кезекте қолдау;
  • Ерекше қабілеті бар азаматтарғаэлиталық жоғары білім беруге жәрдемдесу;
  • ҚАУ студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы үшін олардың зияткерлік және мәдени даму қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оңтайлы жағдайлар жасау;
  • ҚАУ үшін инновациялық даму бағдарламаларын құру;
  • ҚАУ оқу-ғылыми және материалдық-техникалық базасын дамытуға жәрдемдесу;
  • ҚАУ демеушілік қолдауды жүзеге асыру үшін жеке қор құру;
  • Дарынды студенттерді, оның ішінде жетімдер мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды әлеуметтік қолдау үшін қамқоршылар кеңесінің арнайы стипендиялық қорын құру;
  • ҚАУ түлектері қауымдастығының (АБ) қызметін қолдау;
Білім беру үдерісіне қатысушылардың құқықтарының сақталуына және заңды және жеке тұлғалардың мақсатты жарналары мен ерікті қайырымдылықтарын ҚАУ қажеттіліктері үшін пайдалануға қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.
Қамқоршылар Кеңесі туралы Ережеге сәйкес оның құрамына мемлекеттік мекемелердің, басқару органдарының өкілдері, жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ата-аналар, түлектер қауымдастығының және қаржылық, құқықтық, ұйымдастырушылық және басқа да көмек көрсететін кәсіпорындар мен инвестор ұйымдардың өкілдері кіруі мүмкін.