Университеты теперь рассматриваются не только как образовательные и исследовательские центры
но и как неотъемлемая часть национальной инновационной системы, активно взаимодействующая с предпринимательским сектором
Қала мен Қоғамның Дамуына Қойынды
Қазақстан соңғы жылдары университеттер мен кәсіпорындар арасында білім трансферті негізінде инновациялық экономиканы дамыту жөнінде жеткілікті түрде белсенді саясат жүргізіп келеді. Университеттер енді тек білім беру және зерттеу орталықтары ретінде ғана емес, сонымен бірге кәсіпкерлік сектормен белсенді өзара іс-қимыл жасайтын ұлттық инновациялық жүйенің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады.
Инновациялық жүйені дамытудағы университеттің рөлі:
  • экономиканы жоғары білікті еңбек ресурстарымен (бакалавр, магистр, докторлармен) қамтамасыз ету;
  • кодификацияланған білімді ғылыми басылымдар арқылы құру және тарату, патенттеу, прототиптеу және т.б.;
  • келісімшарттық зерттеулер, консультациялар, инкубациялық қызметтер және т.с.с. арқылы шешімдерді табуға көмектесу;
  • қоғамдық кеңістікті қамтамасыз ету, яғни адамдар кездесетін және пікір алмасатын платформа құру.
ҚАУ үлесі:
  • «Руханижаңғырубағдарламасының жобалық кеңсесі құрылды (патриоттық, тәрбиелік, рухани-адамгершілік сипаттағы түрлі іс-шаралар өткізіледі);
  • EnglishClub және AmericanClub жұмыс істейді, аталған клубтардың қызметі ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстанда үштілді білім беруді іске асыру туралы бастамасын дамытуға бағытталған;
  • Алматы қаласының тұрғындары арасында, әсіресе Алматы қаласының ҚАУ-ға жақын аудандарының аға ұрпақтары арасында ағылшын тілін оқытуды дамытуға бағытталған Almaty Studyenglishproject-ағылшын тілін оқыту жобасын іске асыру;
  • «Жетісудың киелі жерлерін зерттеу» жобасы (Алматы маңында жаңа ұлттық туристік бағыттарды дамыту);
  • ҚАУ студенттері өздерінің азаматтық позицияларын көрсетеді және Алматы G-38 Студенттер альянсының жобаларына белсенді қатысады;
  • Мемлекет басшысы мен «НұрОтан»партиясының бастамаларын қолдауға ниетті ҚАУ-нің 100 үздік студенті «Нұр Отан»ХДП Жастар қанатының қатарына қосылды;
  • студенттер «Жасыл Ел» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысады;
  • 2000 жылы тапсырыс берушілер Кеңесі және сараптамалық комиссия (ТСК) құрылды, оған экономика, менеджмент, радиотехника және телекоммуникация ұйымдары, туристік қызметтер, халықаралық қатынастар, аударма ісі (студенттерді оқыту траекториясын талқылау) саласындағы ірі компаниялардың басшылары кірді.