Мероприятия
Узнай больше
Студенттік Клубтар мен Ұйымдар
Студенттік өзін – өзі басқару комитеті

Жалпы ережелер

ҚАУ Студенттік Өзін – өзі басқару Комитеті (СӨК) - жастардың қоғамдық ұйымы ретінде құрылған университеттің ерікті жастар бірлестігі. 

СӨК – ҚАУ студенттерінің, оның мүшелерінің шығармашылық және қоғамдық өмірін ұйымдастыратын, жастар саясатын жүзеге асыратын қоғамдық ұйым.   СӨК қызметі - еріктілік, оның мүшелерінің тең құқығы, өзін – өзі басқару, заңдылық және ашықтық қағидаларына негізделген.

Сөк мақсаты мен міндеті

СӨК негізгі мақсаты - Қазақстанның даму стратегиясы мен жастар саясатын жүзеге асыру үшін студенттік жастар жұмысын жандандыруға, дамытуға жағдай жасау. 

СӨК міндеттері: 

  • ҚАУ жастарының мәдени және әлеуметтік мүдделерін алға тарту, қорғау;  
  • Жастардың санасында отан сүйгіштік, биік мақсаттар, нормалар мен құндылықтар жүйесін қалыптастыру;  
  • Студенттік жастар арасында Қазақстан халқының бірлігі идеясын насихаттау;   
  • Республикадағы реформалар жөнінде жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу; 
  • Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекетті дамытуда жастарды белсенді болуға тәрбиелеу;  
  • Жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттау;  
  • Жастардың республикалық және халықаралық ұйымдарымен әріптестік орнату;   
  • Жастардың бос уақытын ұйымдастыру;  
  • Студенттік жастардың ғылыми әлеуетін дамытуға ықпал ету;  
  • Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту;
  • ҚАУ беделін, жастардың университетке деген сүйіспеншілігі мен альма–матер имиджін арттыру. 
     
Студенттік өзін – өзі басқару комитетінің төрағасы

СӨК төрағасы бір жылға оқу жылының басында (1 қазанға дейін), ҚАУ жанындағы мектеп, АБК, бакалавриат факультеттері мен топ көшбасшыларының жалпы жиналысында құпия дауыс беру арқылы сайланады, ары қарай үміткерді ҚАУ Президенті өз бұйрығымен бекітеді. 

СӨК төрағасы:

  • СӨК жүзеге асыратын барлық жұмыстарды тікелей басқарады.  
  • Жұмыстың бекітілген жоспарларын жүзеге асырады, студенттердің университетте және жалпы қалада өтетін іс – шараларға қатысуын қамтамасыз етеді.  
  • Студенттердің мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен, кәсіпорындармен, мекемелермен, басқа да жеке және заңды тұлғалармен қатынастағы мүдделерін таныстырады.  
  • СӨК атынан өтініштер беруге, ізденуге, СӨК қызметін жүзеге асыруға қатысты әртүрлі құжаттарға қол қоюға құқылы.  
  • СӨК атынан өзінің қызметі туралы ректорат алдында есеп береді.  
  • СӨК құрамын жасақтайды және оның қызметін басқарады.  
     
Студенттерді бейімдеу қызметі

Жалпы ережелер

Студенттерді бейімдеу қызметі (ары қарай – СБҚ) ҚАУ СӨК жанынан құрылады. СБҚ қызметінің басты мақсаты – қайтадан қабылданған төменгі курс студенттерін психологиялық тұрғыда бейімдеу және ақпараттық қолдау. 

Қызметтің негізгі бағыттары

СБҚ негізгі қызметі студенттік жастарды келесі жолдармен бейімдеуге ықпал етуге бағытталған: 

  • студенттерді ҚАУ құрылымы, оның тарихы туралы ақпараттандыру; 
  • студенттерді оқудың кредиттік жүйесінің ерекшеліктерімен таныстыру; 
  • студенттерді ҚАУ және қаланың қоғамдық өміріне тарту; 
  • студенттердің бейімделуіне қажетті мәліметтері бар, брошюра, буклет, ескертпелерді баспаға дайындау; 
  • студенттерді ҚАУ қоғамдық ұйымдарының қызметімен таныстыру    (студенттік деканаттар, көшбасшылар кеңесі, дебат клубы);
  • студенттерді үйірмелердің қызметімен, спорттық секциялармен таныстыру; 
  • студенттерді Ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру;
  • студенттерді оқу топтарының эдвайзерлері және кураторларымен таныстыру;
  • студенттерді факультет декандары және құрылымдық бөлімше жетекшілерімен таныстыру.
     
Сыртқы байланыстар және студенттік мәселелер проректорының ұсынысы бойынша (ары қарай – СБжСМ бойынша проректор) ҚАУ президентінің бұйрығымен СӨК штатына енгізілетін, Студенттерді Бейімдеу Қызметінің үйлестірушісі (ары қарай - үйлестіруші) тағайындалады. 

Сбқ негізгі қызметтері

СБҚ және үйлестірушінің негізгі қызметтері:

  • СБҚ жедел және келешегі бар жұмыс жоспарларын әзірлеу;
  • ҒжТЖ бойынша декан орынбасарының, факультет көшбасшыларының, АБК студенттік деканының және мектеп көшбасшылары кеңесі төрағасының қызметтерін үйлестіру;
  • бірінші курс студенттерін бейімдеуге бағытталған іс – шараларды ұйымдастыру; 
  • қорғау мен құқық мәселелері бойынша студенттерге кеңестік беру; 
  • университет факультеттері басшылығы алдында қоғамдық қызметпен белсенді айналысатын бірінші курс студенттерін рухани және материалды ынталандыру, мұқтаж студенттерге материалдық көмек көрсету туралы өтініш жасау; 
  • ҚАУ-дың ішкі және оқу тәртібін бұзғандар жөнінде, студенттердің сұранымдары бойынша университеттегі қоғамдық ұйымдар мен факультет деканаттарына хабар беру; 
  • төменгі курстарға қатысты, тәрбие жұмыстары сұрақтары жөніндегі Кеңестің және факультет деканаттарының отырыстарына қатысу; 
  • студенттердің үлгеріміне байланысты Тіркеуші кеңсе мен деканаттардың мәліметтеріне рұқсаттың болуы; 
  • СБжСМ бойынша проректорға өзінің жұмысы туралы ай сайынғы есеп беру,  президентке – жылдық есепті бер (жыл соңында СБжСМ проректорымен бекітіледі).
     
Қызметті регламенттеу

СБҚ ҚАУ бөлімшелері және факультеттерімен мынандай формада жұмыс жасайды: 

         факультеттердің академиялық профессорларының «Мамандыққа кіріспе» лекцияларын оқуы; 

  • деканаттар, Тіркеуші кеңсе өкілдерімен оқу төлемі, білімді рейтингтік бақылау, оқу үрдісінің кестесі, оқу және емтихан сессиясының өткізілу тәртібі, Retake тапсыру жөнінде әңгімелесу;
  • кітапхана қорын пайдалану туралы кітапхана жұмысшыларымен әңгімелесу;  
  • Студенттер үйінің (СҮ) директорымен және СҮ Кеңесі төрағасымен - тұру ережелері, күн тәртібі, кезекшіліктер және өткізілетін сенбіліктер туралы; 
  • ҚАУ клиникасының жұмысшыларымен – студенттердің жоспарлы алдын алу тексерулер, алғашқы медициналық көмек көрсету және әртүрлі ауруларды емдеу туралы; 
  • СӨК өкілдерімен – студенттердің қоғамдық өмірі, әртүрлі жобалар мен бағдарламаларға қатысу туралы; 
  • ЛО қызметкерлерімен – ҚАУ – да өткізілетін тіл курстары туралы;
  • ҚЭБ қызметкерлерімен – төлеу жүйесі және айыппұлдар туралы;
  • Қабылдау комиссиясымен - мамандық бағдарлау жұмыстары туралы;
  • ХБ және ЦПиК қызметкерлерімен – айырбастау бағдарламалары, жазғы лагерьлер, тәжірибе базалары және еңбекпен қамту бағдарламалары туралы.
     
Факультет көшбасшысы

Жалпы ережелер

  1. Факультет көшбасшысы оқу жылының басында (1 қазанға дейін) СӨК төрағасының қатысуымен факультет деканының төрағалық етуімен, осы факультеттің ең белсенді және үлгерімі жақсы студенттерінің жалпы жиналыста құпия дауыс беру арқылы сайланады.  
  2. Жалпы жиналыстың шешімі тізім құрамының 2/3 болғанда жарамды деп саналады. 
  3. Факультет көшбасшысын таңдау бойынша жалпы жиналыстың хаттамасы факультет деканына беріледі, оның негізінде деканның көшбасшыНЫ тағайындау туралы жарлығы шығарылады. 
  4. Факультет көшбасшысы тікелей СӨК төрағасына, факультет деканына бағынады және СӨК құрамына енеді. 
  5. Өзінің міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда, СӨК төрағасы жалпы жиналыста факультет көшбасшысын қайтадан таңдау туралы ұсыныс жасайды.

Факультет көшбасшысының құқықтары мен міндеттері

Факультет көшбасшысының міндетті:

  • факультетте оқу топтары көшбасшыларының жиналысын апта сайын өткізу;  
  • жиналыстар, СӨК кеңестері және факультеттегі студенттік активтің жиналысына қатысу;
  • факультеттегі оқу тәртібінің жағдайын, факультеттегі студенттердің үлгерімін бақылау;  
  • СӨК шығаратын ақпаратты факультеттегі оқу топтарының көшбасшыларына жеткізу, сонымен қатар, олар берген тапсырмалардың орындалуын бақылау;  
  • факультеттегі оқу топтарының көшбасшыларынан алынған ақпаратты жедел түрде СӨК назарына жеткізу;  
  • СӨК талабы бойынша олар атқарған жұмыстардың нәтижесі туралы толық есеп беру;  
  • өз факультетінің студенттерімен ҚАУ ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізу;  
  • факультетте нашақорлық және нашақорлық бизнесімен күрес жұмыстарын жүргізу;  
  • студенттердің бос уақытын ұйымдастыруға көмектесу, өз факультетінің студенттерін тарту арқылы, факультеттің және университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысу.

Факультет көшбасшысы құқылы:

  • алдарына СӨК қойған тапсырмалардың орындалуын өз факультетінің оқу топтарының көшбасшыларынан талап етуге, жауапсыздықтың пайда болуы жағдайында, факультет деканаты мен СӨК алдында оқу тобының көшбасшысынан өкілеттілікті алып, оны басқа адаммен алмастыруды сұрау;  
  • СӨК жалпы жиналысында факультет активімен жұмысты жетілдіру бойынша және ҚАУ – дағы жастар саясатын дамыту бойынша өзінің ұсыныстарын жасау.
  • факультет студенттерінің атынан күрделі сұрақтармен СӨК басшылығына жүгіну;  
  • қоғамдық қызметпен белсенді айналысатын факультет студенттерін материалдық және рухани қолдау, мұқтаж (ауқатсыз) студенттерге материалдық көмек көрсету туралы факультет басшылығына жүгіну; 
  • факультеттегі студенттердің мәселелері бойынша ҚАУ газетінде мақалалар жариялау;  
  • өз бастамасымен және СӨК – пен келісу арқылы, факультетте іс – шаралар өткізу;  
  • оқу үрдісі және тәжірибе регламентінде көрсетілген, сәйкес талаптарды (үздік үлгерім, СӨК төрағасының арызы) орындаған жағдайда сабақтарға еркін қатысу мүмкіндігін алудағы артықшылық;  
  • ҚАУ «Scholarships», арнайы шәкіртақысын, ҚАУ қамқоршылар кеңесінің гранттары мен шәкіртақыларына, сонымен қатар, ҚАУ басшылығымен, студенттік жастарға байланысты, әртүрлі салалардағы жеңілдіктерді бірінші кезекте алуға үміркер болу; 
  • ҚАУ жанындағы оқу курстарына жеңілдетілген шарттармен қатысу.  
     
"Журналистика Студиясы»

«Журналистика студиясы» клубы-бұқаралық ақпарат құралдарына баспа материалдарын жазудың жолдарын, кәсіби журналистермен кездесуді ұйымдастыратын клуб. Клуб өз қызметін еріктілік, ашықтық, бастамашылық, өзін-өзі басқару, ынтымақтастық және оның мүшелерінің өзара көмек принциптері негізінде жүзеге асырады.

Оның қызметінің негізі- теория мен журналистің кәсіби тәжірибесін жақындастыру, қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеу үшін кәсіби журналистерді фрилансерлерді, білікті кадрларды дайындау, клуб жұмысына белсенді, ынталы студенттерді анықтау және тарту. Практикалық журналистика; журналистика негіздері; стилистиканың негіздері, журналистік шеберлік бағыттары бойынша клубтың мүшелеріне қосымша білім алудың мүмкіндігін ұсыну.

“English Language Club”

Клубта студенттер бір-бірімен сөйлесіп, тілді дамыту үшін барлық жағдайлар жасалған. Әр-түрлі заманауи өзекті мәселерді талқылайды. Бұл ағылшын тілін барлық бағыттарда дамытуға көмектеседі. Студенттер кез келген тақырыпта диалог жүргізе алады, ағылшын тілінде жеңіл әрі оңай сөйлей алады. Кездесулерді белгілі уақыттарда шет ел азаматтары жүргізеді, бұл студенттерге ағылшын тілінде қатесіз сөйлеуіне септігін тигізеді.

Одан бөлек студенттер жаңа ақпараттарды бойына сіңіреді және тілін дамытады. “English Language Club” атмосферасы өте жайлы, үйдегіге ұқсас. Кофе іше отырып, сонымен қатар өзіңіздің «тілдік кедергіні» жеңіп, жаңа адамдармен таныса аласыз.
Бізге келіп сөйлесіңіздер, тілдің табиғаты ол – пікір алысу!

Спортклуб

Спортклуб өзінің қызметін «Дене шынықтыру» пәні бойынша академиялық сабақтар ұйымдастыру және өткізу, ҚАУ оқушыларына, студенттерге және қызметкерлеріне арналған спорттық секциялардың жұмыстарын ұйымдастыру бойынша жүзеге асырады.

Спортклубтың негізгі мақсаты болып, салауатты өмір салтын насихаттау, ҚАУ және оның құырылмдық бөлімшелерінің студенттерін, қызметкерлерін спортпен айналысуға тарту болып табылады. 

ҚАУ спорттық базасы келесілерден тұрады: 

  • Спорттың ойын түрлеріне арналған үлкен зал: волейбол, баскетбол, шағын — футбол, үлкен теннис;
  • Аэробика, бал билері, жауынгерлік өнер, үстел теннисімен айналысуға арналған шағын зал;  
  • Заманауи жабдықтармен жабдықталған жаттығу залы; 
  • Дефиле, хореографиямен айналысуға арналған балет залы;
  • Волейбол, баскетболға арналған жазғы алаңдар;
  • Спорттық база ыңғайлы киім ауыстыру бөлмелері және душ қабылдау бөлмелерімен жабдықталған.  
     
Спортклубта келесі спорт түрлері бойынша спорттық секциялар тұрақты жұмыс істейді:

  • баскетбол;
  • шағын-футбол;
  • үстел теннисі;
  • волейбол;
  • үлкен теннис;
  • бодибилдинг;
  • аэробика;
  • шейпинг.

ҚАУ спартакиада бағдарламасының шеңберінде жарыстар өткізіледі, сонымен қатар басқа оқу орындарының студенттерімен матчтық кездесулер және халықаралық кездесулер өткізіледі. 

Шейпинг, шығыс жекпе – жегі сияқты дәстүрлі емес спорт түрлерін дамыту бойынша жұмыс жүргізіледі. Жаттығу сабақтарын біліктілігі жоғары мамандар өткізеді.   

Студенттердің назарына!

  • ЕКК анықтамаларын – дене шынықтыру сабақтарына босату анықтамаларын оқу жылының басында, бір ай ішінде көрсету. 
  • ЕКК анықтамаларын – 9 сыныпқа арналған мемлекеттік емтихандардан босатуды оқу жылының 1 мамырына дейін беріледі. 
  • Басқа емханалардан алынған, науқастану бойынша анықтамалар, амбулаторлық картамен, ауруханадан алынған анықтамамен – стационардан алған шығару қағазымен расталады. Анықтаманың мәліметтері 3 күн ішінде берілуі тиіс.   
  • Анықтамаларды (ЕККжәне науқастануы бойынша)ҚАУ клинасының терапевт дәрігеріне куәландыру қажет. 
  • Жыл сайын, студенттер алдын алу тексеруінен өтулері тиіс (флюорографии және шағын әсер, мамандардың қарауы).
  • Тұрғылықты мекен – жайы бойынша емханада немесе ақылы клиникада созылмалы – патологиямен есепте тұрған студенттер жылына 2 рет (көктемде және күзде) емделіп, ҚАУ клиникасының дәрігеріне анықтама алып келулері тиіс. 
  • Декреттелген жастардағы студенттер екпелер алулары тиіс. 

Спортклуб жетекшісі — Яншина Татьяна Алексеевна

Студенттер үйі

Қазіргі заманғы технологиялық үрдіспен әрі сапалы құрылыс материалдарын қолдана отырып, күрделі жөндеу жұмысы жүргізілген абаттандырылған жатақхана 840 орынға арналған. Студенттер үйінде ас дайындауға қажетті барлық заттармен жабдықталған тұрмыстық ас бөлмесі, кір жууға арналған бөлме, Интернетке қосылған компьютер залдары, электротехникамен жабдықталған демалыс бөлмесі, оқу залы, фитнес зал, тренажер залы, макет жасау студиясы, дәмхана бар.
Cтуденттер үйінің ішінде және аумағында бейне бақылау орнатылған. Әр қабат бейне таспаға жазылады әрі күзетші бақылап отырады. Студенттер үйінің ғимаратын және оған іргелес аумақты ХБК-ның Қауіпсіздік қызметі тәулік бойы күзетеді.
 
KAU Canteen

ҚАУ жанында, оқушылар мен қызметкерлерге қызмет көрсететін, заманауи тамақтану комбинаты жұмыс істейді.

Тамақтану комбинаты 2002 ж. кеңейтілген және қазыр 200 орыны бар.

Тамақтану комбинатында үш буфет бар: екеуі оқу және зертхана корпустарында, үшіншісі – жатақханада.  

Тамақтану комбинаты тағамдардың, кондитерлік астардың және пісірілген тәтті – дәмдінің кең таңдауын ұсынады. 

 Оқушылардың ыңғайлылығы үшін, таңғы астар, түстен кейінгі тамақтар, түскі ас, кешкі астар беріледі. 

Мектеп оқушыларына кешенді түскі астар ұсынылады. 

Бастауыш мектеп оқушыларына 4 реттік тамақтану беріледі. 